ҚАР

lat: QAR

(пар. хар خوار) қара ниетті, жауыз.

Жанәбіл келді майдан кәпірден қар, Кең дүния халайыққа көрінді тар («Қисса Зарқұм». Бабалар сөзі. 12-том. 2005. 100 томдық).

Және төрт мың өзімнің уәзірім бар, Құдайға іс жақпаған болады қар («Қисса Жұмжұма». Бабалар сөзі. 10-том. 2004. 100 томдық).

Діні қар дінсіз.

Бәдбақыт, мұнша неге кешіктің? деп, Ғараб сонда ақырды діні қарға («Патша Синдбад хикаясы». Бабалар сөзі. 5-том. 2004. 100 томдық).

Қарлық жамандық, арамдық.

Жалғанда мендей адам зарлы ма екен, Баланың ойы мүлдем қарлық екен («Бақтияр қиссасы». Бабалар сөзі. 9-том. 2004. 100 томдық).

Кең дүния бүгін, халқым, болды тарлық, Бұ кедей келіп қатты қылды қарлық («Қисса Зарқұм». Бабалар сөзі. 12-том. 2005. 100 томдық).