АЯЗАТА

lat: AIaZATA

зат. 1 . Жаңа жыл мейрамына шақырылатын шал кейіпті аяз бейнесі .

Аязата болудан жоқ хабарым.

Құшақ толы гүлгүлім мақтанарым:

Ғаламда жоқ әр шоғын гүлгүлімнің,

Әрбір ұрпақ өсірген бақтан алдым (2,233).

2 . поэт. Аяз, қыс д.м.

Көктем келіп ауылға қыз көрікті,

Таң-тамаша дүние жүзге еніпті.

Асқар ала таулардан асып әрі,

Аязатаң барады мұз бөрікті (1,297).

Аязата !

Соқ мені, шынығайын,

Шыдамасам, мәңгілік тынығайын.

Таяғыңа тас болып төтемесем,

Сынайын да құриын шыныдайын (1, 178).