БОС

lat: BOS

сын. 1 . Ішінде еш нәрсе жоқ, іші еш нәрсемен толтырылмаған .

Жарастық жақындықтың дастарқаны, кім сенің пейіліңнен бас тартады,

Ақ отаулар тігілсін, қостар тағы,

Толтырыңдар нығыздап бос қамбаны (1,204).

Зияш арақ құйылған кесені жасыра қойып, бос кесені ол да «ішіп» салып, «тыжырына» ас алып жатыр (4,160).

2 . Пайдаға аспаған, қажетке жарамаған .

Оңға қарай құлдилап, жүрдік жиек жақты алып,

Бойды жазып, бос жермен он қадам біз аттадық:

Жапалақтап жауған оттан, құмнан безіп, сақтанып (5,79).

Төрағасы жайғасты төрге барып,

Бос орын жоқ зал іші көмбе халық,

Әуезовті бір шешен мақтап жатыр,

Аракідік тамағын кенеп алып.

Бір бұрышқа отырдым мен де барып (2,270).

3 . Қажетсіз, керексіз .

Жол шалғай,

Бос ойлар ермегім, сырласар тірі жан көрмедім.

Көңілде күй болып күмбірлеп,

Жүрекке жыр берген сен бе едің? (1,158).

Армандаймыз, аңсаймыз, қиялдаймыз.

Мына думан өмірге сыя алмаймыз.

Бос қиялмен өтпесек жарар еді,

Көктемеген егінде жия алмай біз (2,82).

4 . Мәнсіз, мағынасыз .

Өлім деген ерліктің қорегі ме?

Өлмей-ақ қой, бос сөздің керегі не?

Егер Отан сыңсыған орман болса,

Жапырақ боп жармасқын терегіне (1,175).

Тағдыр дейтін бос сөз, бос сөз, жарандар,

Өтірікке санаңдар!

Тағдырыңды жасайтын да адамдар,

Тағдырыңды бүлдіретін адамдар! (2,39).