БОС

lat: BOS

үст. 1 . Байлаусыз, бекітусіз .

Тұмшалап қойдың несіне сонша қаусырып,

Шандудан бөлек қалған ба шараң таусылып,

Аяқ пен қолын матамай бос қой, мамасы.

Кішкентай адам көрсетіп жатыр қарсылық (1,172).

Қара таудың басынан көш келеді», қара жорға шайқалып, бос келеді.

Қара күнді жамылып қара қазақ Қара түнді басынан кешкен еді (2,100).

2 . Мықты емес, осал .

Бірақ бәрібір бос тартылған жыр желісі қайыра ширатуға оншама көне бермейді (4,250).

Сен оны бос ұста шуақта,

Дүние тұтқасын танысын!

Жыласа жыласын! Жұбатпа!

Жыласын адамзат бағы үшін (1,96).

3 . Текке, босқа, бекер .

Көңілім ояу, денім сау,

Еңбексіз бұл күн бос өттім.

Сол үшін жүрек жабырқау,

Шеңгелінде өсектің (1,35).

Бұл өлеңнің жалаң, жабайы айтылған уағыздығы өз алдына, тіптен өлеңдік құрылымының өзін талдап жату, ауызекі айтылатын сөз арасындағы логиканы іздеп жату бос әурешілік (4,299).