Жауу

lat: Jaýý

Жау етістігінің қимыл атауы. Пойыздың бір сарынды тербелуі, жаңбырдың сылбыр жаууы адамды еріксіз қалғытады (М.Мұқанов, Жан дүние.). Мен қар жаууын асыға күттім (I.Қожабаев, Ұя). Мұндай жаңбырдың жаууына себепші болған жел екен (К.Әбдіғаппаров, Қызық. физ.). Температураның жоғарылауы немесе төмендеуі, қардың жаууы, қорек-жемнің азаюы, тағы басқа айналадағы тіршілік ететін ортаның қолайсыздығын әртүрлі жануарлар, әртүрлі сезінеді (Р.Әлімбаев, Құстар.).