ҚУАТ

lat: QÝAT

(ар. қуат قوة) күш, әл, жігер.

Мұсылманлар сол уақытта қуат тапты, һәрқайсысы арысландай болып кетті («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 14-том. 2005. 100 томдық).

Исаның енді діні зағип болды, Мұхаммедилердің діндері қуат тапты («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 13-том. 2005. 100 томдық).

Қартайып хал-қуатым кетті, деді, Қуат- құдірет бір күш өзің, деді («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 14-том. 2005. 100 томдық).

Ол жігіттің қуаты ғажап, деді, Ол Мұхаммед пайғамбардың нәсілі, деді («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 14-том. 2005. 100 томдық).

Қуат әйлау демеу көру.

Білейін бір хабарын достымның деп, Жөнелді қуат әйлап Бір уа Барын («Қисса Зияда, Шаһмұрат». Бабалар сөзі. 18-том. 2005. 100 томдық).