ЖАҢА

lat: JAŃA

сын. 1. Өңі кетпеген, әрі түспеген, ұсталмаған . Аяңдап келем көшемен,

Аңырап әрбір жаңа үйге.

Ұқсайтын едім кеше мен Ана бір томпақ сәбиге (1,168).

Жоқ болды жаңа мектеп енді бізге,

Бітпей қалды, (қырсықты көрдіңіз бе?!)

Сонда барып ойнаймыз соғыс ойнын,

Сәбиміз, дәнеңе жоқ көңілімізде (1,257).

2. Соны, тың; бұрын болмаған .

Ендігі сыр кешкіге аман қалды,

Жұбайлардың мылжыңы тамамдалды.  «Музыкасы: Мамыров Бағдаттікі,

«Ақ қайың», деп бір жаңа ән хабарланды (1,147).

Десек те, жаңа өмір, жаңа заман,

Жақсы ғой бірін-бірі бағалаған.

Түйсіксіз тайлақтардан сақта, құдай,

Тайраңдап алды-артына қарамаған (3,265).