ЖАҢАЛЫҚ

lat: JAŃALYQ

зат. 1. Жаңа ақпар, жаңа хабар .

Менде жаңалық бар,

Бану... қандай дейсің ғой? (4,233).

Жайдары, күліп қарсы алды.

Алматының жаңалығын айтты (4,101).

2. Жаңа жетістік, жаңа табыс .

Бір дел-салдық басып тұр тау-алыпты,

Бар тыныштық осында қамалыпты.

Құжыр-құжыр жартастар ұмсынады,

Ұғатындай ұлы бір жаңалықты (1,197).

Жүсіп жыр мен жырдың жалғасып, жымдасып бітетін жерінде прозаға басып, әлқиссалап та жіберді.

Бұл жаңалық емес.

Бұл біздің фольклорымыздың салып берген сара жолы (4, 306).

3. ауыс. Өзгеріс, өзгешелік . Күннен бөркі, Гүлден көркі, Тау тамаша, тау алып.

Қатпар басын, Шатқал, тасын Көрген сайын жаңалық (1,315).

Ауылда күнде бір жаңалық . Күнде жиналыс. Күнде бір өкіл (4,121).