Жауырыншы

lat: Jaýyrynshy

зат есім. Жауырынға қарап бал ашатын балгер. Қара Боқан жауырыншы, Түнде қалың қол бастар, Ғайыптан болжап сөз айтар (Батырлар жыры). Бетіне Абылайдай ардагердің Келуді алты алашқа ар қылатын. «Бетіне келген жанды соғар кие!» Деп жырау, жауырыншыл жар қылатын (М.Жұмабаев, Шығ.). Артынан жауырыншы Дәкір білгір меңсіз қара қойдың отқа күйдірген қу жауырынының сызықтарына қарап отырды (І.Есенберлин, Қаһар). Жау шапса алдан, жауырыншы жөнді бал ашып, Жебесі төстен көрмеген еді адасып, Адырнасында алпыс бақсының күйі бар, Серпіні қатты сірі немені де ала шық! (Ж.Жұматаев, Ләйлә).