[араб тілі. ] зат есім. діни. Діни мистикалық түсінік бойынша өлген адамның «жаны ұшып баратын» жеті тамұқтың (тозақтың) ең жаманы. Тілі оның жаһаннамның ғақырайындай, Секілді айыр ағаш сирақтары (Ғашықтық дастан.). Өтірік айтқан сөзінің расын сонда таба алмай, Аман-есен кетпексің Жаһаннамға қамалмай (Дулат Бабатайұлы, Замана.). Қошқар тұмсық, дөң мұрын, Көрінеді ол мықты. Салып едім найзаны, Жаһаннамға жан шықты (О.Шипин, Дастан.). Омбы острогін жеті тамұқтың ең жаманы – жаһаннамға санайтын ол, «содан құтқардым ба» деп әкелген досын, нақ сондай болмағанмен ұқсап қалатын мына тамұққа тығып кетуге аяды (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Біләлға әмір қылды, жұртты жиды, Мешітке сахабалар жиылды енді. Жаннаты мен жаһаннамнан хабар берді, Қуантты дін мұсылман барша ерді. Қорқытты бір Құданың ғазабынан, Әртүрлі қалам сөйлеп, інжу терді (Мәшһүр-Жүсіп, Шығ.).