И

lat: I

ет. 1. Темір, ағаш сияқты заттарды майыстыру.

Құрман отыр, отыр ол сесі биік,

Құрап отыр жас талдан бесік иіп.

Жарқыным, неменеге тұнжырайсың?

Ұрыдан ұрпақ қалса, несі күйік?! (1,196).

Иіп жатыр садақты, иіп жатыр,

Бұйра басын жас талдың қиып жатыр.

Қорамсағы, оғы жоқ, иесіз қару,

Әр балаға бір-бірден тиіп жатыр (2,163).

2. Денесін бүгу, еңкею.

Айырмам сол тимеске тиемін де,

Қасқаям да мен байғұс қарап тұрам,

Кеудем емес, бөксемді иемін де (2,28).

Сездім ішкен бұл бейбақ жарамсақтың кересін,

Айтты көсем маған қарай бұрыңқырап денесін:

«Йығыңды сәл ғана иіп еңкей алға, көресің (5,87).

3. ауыс. Икемге келтіру, көндіру, бағындыру.

Ұрандаған дүбірге таянғанда,

Ұры күшім бойымнан оянғанда,

Иіп әкеп жауымды өңгерсем бір

Дуылдаған думанға сояр малдай (3,270).