Жә

lat:

одағай. Жетер, болар; жарайды. Жә, біз енді ақылды еркіне жібермесек, Құдай тағаланың ақылы бар кісіге иман парыз дегені қайда қалады (Абай, Шығ.). Жә, жігіттер! Мынау алдыңда жатқан кекті жауың Тәкежанның қосы (М.Әуезов, Абай жолы). Жә, бұл түсім тегін емес мына сойқан заманда Тіршіліктен қоштасар сәт жетті-ау деймін маған да. Қоштасар сәт жетті-ау деймін, туған елім, еңселім?! (М.Шаханов, Ғасырлар.). Бетке алып кетті шымшық құбыланы, Осы иттің өзгермей ме ғұмыры әні? Жә, қойшы... Пагондардың оқасындай Сары бас жоңышқалар құбылады (Ж.Жұматаев, Ләйлә).