Жә

lat:

шылау. Я, не, немесе. Мұны бір күнде жә бір жетінің ішінде өзгертуге болмас (Х.Есенжанов, Ақ Жайық). Парта болмайтын. Барлығымыз да үйден әкелген кішкене киізге, жә көрпеге отыратынбыз (Қ.Әміров, Жастық.). Қағазына үңіліп отырып жә «бар», жә «жоқ» деп бір-ақ айтатын сияқты (X. Есенжанов, Көп жыл.). Өкпелеп кеткен Құлшора, Қолынан Қоңыр өлген бе? Жә, болмаса Құлшора, өзі бастап келген бе?! (Манас).