КІШКЕНТАЙ

lat: KİSHKENTAI

сын. 1 . Онша үлкен емес, титтей, титімдей .

Кешкіріп ұясына Күн асығар,

Кішкентай торғайдың да ұясы бар,

үрпиген үрпі-шүрпі байғұстар-ай,

сендерді бұл түріңмен кім асырар?! (3,98).

Кішкентай саусақтарымен көйлегін тартқылап, қыңқылдап тұрған Мәлікті көтеріп алған (4,144).

2. Шағын, шамалы .

Көзімжан ауызғы кішкентай бөлмеде, ошақ басында ас әзірлеп жүр (4,177). «Қызыл аршаны» аралар алдындағы бұл біздің кішкентай шегінісіміз (4,263).

3 . ауыс. Жас бала, бүлдіршін, сәби .

Зияш, қал қалай? Кішкентай тұмау-сырқаудан сау ма?, деп сұрастырып-ақ жүргені (4,141). Болмашы тамақтанып, әжей төсегін салды да, кішкентайын бауырына алып, өз бөлесіне барып, ерте жатып қалды (4,140).