ҚОҢЫР

lat: QOŃYR

сын. 1 . Қара мен күреңнің аралығындағы түс .

Алыс-алыс ақ үйлер, қоңыр үйлер,

Палаткалар, жаппалар, жұлым үйлер.

Мал жайылса күзгі аңыз бір шетінде,

Бір шетінен трактор жонын илер (3,188).

Қара да емес, қоңыр да емес, мөлдіреген қос жанарының екі шеті сәл-пәл қиықтау, отыққан қозының көзіндей тұп-тұнық (4,150).

2 . ауыс. Қарапайым, жұпыны.

Қоңыр үй құры томсарып,

Тіксіне қалды үндемей.

Бөрі топ қынға қол салып,

Зәр шаша кірді: «Тұр кедей!» (2,304).

Көлдерім де мен барып шомылмаған,

Бетегелі белдерім, момын далам,

Өзендерім, орманым күтуде әлі қашан келер екен деп қоңыр балам (2,15).