ҚОРҒАУШЫ

lat: QORǴAÝSHY

зат. Қауіп-қатерден сақтаушы, қамқоршы .

Иә, Аллам! Жаратушым, Қорғаушым,

Өзің өмір, өзің қуат, қорғансың.

Іші өртенсін, дұшпандарым долдансын,

Достарым кеп демесін бір, қолға алсын (1,140).

Жолың болсын, бара ғой, айналайын,

Айналайын қорғаушым , қарғадайым!

Кәсібіңе мен сенің басымды ием,

Басымды ием, несіне арланайын (3,75).