ҚОРҚЫНЫШ

lat: QORQYNYSH

зат. Қауіп-қатер, үрей.

Төбеттер жүр қораны шыр айналып,

Тура тарттым, тұрмадым мың ойланып.

Қорқыныш та, үрей де былай қалып,

Тақадым-ау қыстауға құлай барып (1,245).

Өмір бойы әлденені сарыла күтіп отырғандай боп көрінеді.Екеуін де аяймын, бірақ не шара. Ойлап отырсам, мен өскен сайын олардың қорқынышы көбейген сияқты (4,234).