ҚУАНЫШТЫ

lat: QÝANYSHTY

сын. Қуанған, қуанышы мол.

Жас жүрек өз жұбайын таппады ма?

Адамдық ардан тайып аттады ма?

Қосылған қуанышты қос жүректің,

Сағаты бірге соғып жатпады ма? (1,15).

Не әзәзіл бұл үйде ойнап өтті,

Не күш келіп бұл үйді ойран етті?

Қуанышқа жиналған қауым қайда,

Қуанышты қонақтар қайда кетті? (4,206).