ҚЫЗ

lat: QYZ

ет. 1. Күн көзінің, оттың әсерінен бір нәрсенің ысып кетуі . Қызыл ұшқын шашырайды кәдімгі адам қанындай, Қызған темір қиналады кәдімгі адам жанындай, Қиналады, иленеді, созылады қамырдай (2,254). Үш мәртебе жүз көрсетіп жарқ еткенде күн қызып , Құлайды олар, бұл шақтағы екі бетті бір бұзық, Қараларды демеп, сүйеп, жібереді тұрғызып (5,32). 2. ауыс. Қарқындай түсу, үдеу . Кештеріңнен кешіктім, ақталармын, Қызған кезде думаныңа тап болармын. Өсиет айтар саған ата емес мен, Сырласыңның сыңайын ақтарармын, Болашақ дейтін алыс жаққа бардым (2,232). Тау артына күйіп-жанып күн батты. Ауыл үстін елең-елең түн жапты. Сонау егіс даласында колхоздың, Қызған еңбек әлі дағы тынбапты (1,82).