ҚЫЗЫЛ

lat: QYZYL

зат. Қырмандағы қауызынан ажыратылған таза астық (бидай). Тау жақтан кенет жел тұрып, Қыздырды еңбек қызуын. Есекең де желпініп, Ұшырып жатты қызылын (1,7). Қызыл сапырып жатқан бір топ жастардың арасынан жарқылдап күліп жүрген баласын көрді (4,188).