ҚЫМБАТТЫ

lat: QYMBATTY

сын. 1. Аса қадірлі, ардақты, құрметті . Қымбатты Димаш аға! Жоғарыда айтқандарымның бәрі мүлде із-түзсіз кеткен емес (5,226). 2. Бағалы, құнды, пайдалы. Сәнімен емес, Әнімен оған қымбатты , Қырық мың ғалам Қырық мың түрлі үн қатты. Көзімен көрмей әлемнің мына бояуын, Көңілімен ғана керемет сазын тыңдапты (2,154).