ҚЫМБАТТЫМ

lat: QYMBATTYM

зат. эмоц. 1. Аяулым, асылым, сүйіктім. Бір нәрсемді жоғалттым мен, Бір нәрсемді ұрлаттым. Соны іздедім, Айдың көлдің аққуларын шулаттым. Барса келмес сапарында түсім қашып түн қаттым, Мейірім бер, мейірім бер... Саған келдім, қымбаттым! (3,43). 2. Ардақтым, қадірлім, қымбаттым д.м-дағы қаратпа сөз . Дос болам десең, Досымды сыйла, қымбаттым! Досыңа сонда, Досыммен ғана қымбатпын (1,182).