ҚЫС

lat: QYS

ет. 1. Саусақтармен немесе қысқашпен бір нәрсені сығымдап ұстау.


Қысып тұрып қысқышпен желкесінен,

Әжем оны алыпты жер төсінен.

Анама сүт әкел деп бұйырыпты,

Әңгімені доғарып келтесінен (1,232).


2. Баласын қапсыра құшақтап, бауырына басу.


«Қарағым-ау, таң атып қалды, әлі отырсың, демалсай азырақ, жөтеліп отырсың ғой», деп, баласының басын бауырына қысып, шашын сипады (4,114).


3. Көп адам бір адамды орталарына алып, кеуделерімен алды-артынан жаншу, тынысын тарылту.


Адамдар бір-бірімен қақтығысып,

Әлділер, әлсіздер де жатты ығысып.

Өмірбақи тоймайтын кассаға әкеп,

Адамдар әлгі аруды жатты қысып (2,91).