МАЙ

lat: MAI

зат. 1. Көктемнің соңғы айы; мамыр. Жеңіс. Май. Дала көкпеңбек, Тірілер түгел кеп бітті. Кебенек киіп кеткен деп, Арманды ана көп күтті (2,322). Дүние Майда неге құлпырады?! Қарашы толықсиды, ұмтылады. Шуағын шашып тастап жер төсіне, Шұбатып шуда шашын күн тұрады (2,275). 2. сов. Май айының бірінде болатын еңбекшілердің халықаралық ынтымақ күні; 1-ші май мерекесі. Адымдай бер, адымда! Адымда, Май! Күреңітпей, бұлттанбай, дауылдамай. О, Жарық! Құйыла бер, құйыла бер, Құйыла бер бір сәт те дамылдамай! (2,235).