МАҚСАТ

lat: MAQSAT

ар. зат. Адамның саналы түрде алдына қойған мұраты. Үмітім зор, мақсатыма жетермін, Мұндай күнді мен де ұмытып кетермін. Мүмкін, өмір қуғынынан құтылмай, Мәңгі бақи жылауменен өтермін (1,25). Біреу айтад: «Ардақты боламын», деп, Әр адамның өзінше мақсаты көп. Өріне өмір шіркін кім шығарын, Дамылсыз миды қажап ойланам тек (1,23).