МӘСЕЛЕН

lat: MÁSELEN

мод. Айтылған ойды мысал арқылы дәлелдеу (түсіндіру) үшін қолданылатын сөз;

мысалы. Мәселен , кешегі өткен ер Махамбеттің өзіндей етіп қазіргі қайсы ақын жыр жаза алар екен (4,277).

Мәселен , белгілі бір тақырыпқа бір ақын бірді-екілі жақсы-жақсы жырлар жазғаннан соң, әрі қарай жалғастырып, шұбарта беруге болмайды ғой (4,299).