МЕРГЕН

lat: MERGEN

зат. 1. Көздегеніне дәл тигізетін аңшы адам.

Сол бір күнгі жауыздығым әлі есте,

Не айтарсың мерген деген әбеске!

Енесінің бауырына жармасып,

Еміп жатыр екі бірдей нәресте (1,173).


Аққуды атар мергенің мен емеспін,

Ажал оғын алған жоқ менен ешкім.

Айдын көлдің аққуын арашалап,

Аттан салып талаймен төбелестім (2,131).


2. ауыс. Көзге түскен қызды айналдырып ала қоятын әккі жігіт д.м.

Селк етіп, секем алып қарадың-ау,

Қай таудың киігі едің, қарағым-ау?!

Төбеңде шыр айналып бала қыран,

Мүйісте мергені бар қала мынау.

Сондықтан секем алып қарадың-ау (3,17).