НАҒАШЫ

lat: NAǴASHY

зат. Балаларына шешесінің әке-шешесі, аға-әпкелері нағашы болады .

Білмеймін бес бересі, аласыңды,

Қарт саған кәрін төгіп, аласұрды.

«Ит болмаса, айтпай ма, бұл тауда жоқ,

Ол сенің біледі ғой нағашыңды » (1,246).


Нағашылары қабылдай ма, жоқ па?

Қабылдар еді-ау, айбар үйреніп қалған әдетінен арыла ма, жоқ па?! (4,52).