НАН

lat: NAN

зат. 1 . Ұннан илеп пісірген негізгі тағам; ас атаулының атасы .


Нанды беріп майданған, етті беріп,

Жұбандық өзіміздей көпті көріп.

Отарлы жан отырып қорек еткен,

Көк сиырға өмір бер деп тіледік (1,292).


Әлгінде ғана әжей қағазға орап берген бір жапырақ нан мен бір тілім шұжық жол бойында қала берді (4,116).


2 . ауыс. Астық, бидай д.м.

Біздің достық халықтың жүрегінде,

Нан өсірген диқанның білегінде,

Космосқа ұшқан корабль рулінде,

Тың қопарған трактор түренінде (1,284).