НАУҚАС

lat: NAÝQAS

зат. 1 . Денсаулыққа зиян келтіретін ауру, дерт .

Бишара баланың жаман науқасы бар екен (4,138).

2 . Ауру адам, ауырған адам. Шәміл, Шәміл! Шаршадым, қалжырадым.

Ет жүрегім езілді, қан жылады. Жырым менің науқастың сандырағы,

Құным менің тазының қарғыбауы (2,169).


// Аурулы, сырқатты (адам).


Сәуір туды, жас жігіт бұйығы әлі,

Қатал қыс әлі әмірін бұйырады.

Төрінен кәрі жуық науқас шалдың

Қолына су құяды, қиылады (2,122).