НАУРЫЗ

lat: NAÝRYZ

зат. 1 . Көктемнің бірінші, ал күнтізбелік жылдың үшінші айы .

Ақпан кетті араз боп наурызбен ,

Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.

Көктем жетті көрісіп, жанын үзген,

Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен (3,207).


Қарар емес наурыз атағына,

Алар емес ақпанды қатарына.

Күні бойы жылаған қарт пенденің,

Түні бойы мұз тоңды сақалына (3,207).


2 . ауыс. Көктем д.м.

Көктем жетті көл-көсір шуақ қуып,

Қыс барады қиылып жылап тұрып.

Шатырында үйлердің наурыз жүр,

Мұз көрпесін ақпанның лақтырып (3,207).