НЕМЕРЕ

lat: NEMERE

зат. Ұлының баласы өздеріне (атасы мен әжесіне) немере болады.


Мына біреу немерем.

Қарғам менің! Шүкіршілік Аллаға, арманда едім.

Айта берсе, қалқам-ау, арман көп қой,

Бұл өмірде армансыз жан бар ма еді?! (1,201).


Өңі-түсі өзіңнен бір аумайды,

Немересін ертпесе жүре алмайды.

Таныс дауыс, таныс сөз, таныс мәсі,

Көзіме оттай басылып алаулайды (2,197).