ОЙЛАУ

lat: OILAÝ

Ойла етістігінің қимыл атауы.


Ескі көздер бара жатыр азайып,

(Олар жайлы ойламаудың өзі айып).

Ей, тірілер! Соларды бір еске алып,

Тебіренейік, толғанайық, жазайық! (2,375).


Жайдары ең, жасқанбаушы ең, жайнаушы едің,

Жамылып ақ сәулеңді ойнаушы едім.

Шығыстан шарадай боп көтерілсең,

Шынымен құдірет деп ойлаушы едім (2,139).