ОЙЫНШЫҚ

lat: OIYNSHYQ

зат. Ойнау үшін балаларға арналып жасалған әртүрлі қызықтыратын заттар.


Маркс атаң, балдырған,

Бала болған, ойнаған.

Ол да ойыншық алдырған,

Туған күнін тойлаған (3,289).


Ымырт ауыр салмақпен далаға енді,

Қап-қара жамылғысын ала келді.

Ауылына жетті де сәби ана,

Ойыншығын құшақтап қала берді! (1,290).