ОТА

lat: OTA

ет. 1 . Арамшөпті кетпенмен шауып тастау .

Жүз жыл жасап, алдынап не керегі,

Жырың өлсе алдымен, не дер едің?

Егінімді қаптаған арамшөпті.

Өз қолыммен, отасам деген едім (2,159).


2 . ауыс. Кесіп түсу .

Намысың қозды ма әлде төзім беріп,

Оқ болып ұшты ма әлде сезім-желік?!

Орақпенен қолыңды отап алсаң,

Шошушы ең өз қаныңды өзің көріп (1,238).

Алып бір масақ жасау арманы еді,

Үшінші ұрпақ ата ісін жалғады енді.

Екінші ұрпақ бір қолын оқ отады ,

Бір қолын тыныштыққа жалға берді (1,204).