Жейде

lat: Jeıde

зат есім. Жұқа матадан тігілген, жеңі, жағасы бар ерлер киімі, көйлек. Маған бір жейде берші, Жібек, деймін мен жайбағыстап (Б.Қыдырбекұлы, Шойынқұлақ). Едіге бас жағында тұрған жейдесін апыл-ғұпыл кие сала, төсектен сырғып түсті (М.Мағауин, Ақша қар). Мардан үйге кіріп, жейде, дамбалын, орамалдарын әкеп Дәметкенге берді (І.Жансүгіров, Шығ.). Көзіме ыстық көрінеді туған ауыл бейнесі, Алатау тұр алқам-салқам ағытылған жейдесі (М.Шаханов, Ғасырлар.).