ӨТІНІШ

lat: ÓTİNİSH

зат. Тілек, қалау, сұрау .

Арулар асыл жарлар, сағыныштар,

Өтініштер , құшақтар, жалыныштар.

Жек көрсе олар, жүрегін мұз жасайды,

Жақсы көрсе, балқытып, жанына ұстар (2,9).

Барша тілдер жамырасып, жабайы наз, отаулар,

Ашу, үрей, жылау-сықтау, өтініштер , даттаулар,

Ербеңдейді, қарманады дене, басы жоқ қолдар (5,16).