ПЕРІШТЕ

lat: PERİSHTE

зат. 1 . миф. діни. Адамға жақсылық жасаушы .

Бара да қоймас, ұзай да қоймас сендерден,

Сендермен бірге тағдырын тәңір тең бөлген.

Өз атын өзі ұрандағанның несі айып?

Аузына салып періште шығар дем берген (2,108).

Жанары оның жарқыраған жұлдыздайын тұнық-ты,

Сорғалаған әңгімесі баурап алар ырықты.

Сөзі оның періштенің тәтті үніне жуық-ты (5,12).


2 . ауыс. Адал, таза, пәк адам . Сөгіс алып көрдің бе?

Ол жағынан періште едім дей алмаймын мен мүлде.

Ойлы-қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,

Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де (3,236).