ПЫСЫҚ

lat: PYSYQ

сын. 1 . Іскер, еті тірі, ширақ.

Соншама атбегілер ортасында,

Құнан емес, құланнан қорқасың ба?

Жалына кеп жармасып пысық бала,

Қарғып мінді асаудың арқасына (1,258).

Көршіміз Тоқберген кәрияның пысық кемпірі бірдеме деп түсіндірмек болып еді (4,121).


2 . ауыс. Қу, айлакер, залым, жылпос.

Пысық бала сұм еді-ау ойран бөлек,

Ойлаушы едім қас дұшпан қойған ба деп.

Жаным келіп алқымға тығылатын,

Арықтарды жауырдан сойғанда кеп (1,260).

Сөніп кетіп барады әл-шыдамым,

Әлденемен әлек боп жаншыламын.

Пысықтан қорықтым да тұңғыш рет,

Қанатымды аямай қамшыладым (1,261).