РАҚМЕТ

lat: RAQMET

зат. Риза болғанда айтылатын ілтипаттық алғыс.

Бабаларым, Рақмет сендерге!

Балаларым болмасын деп көр кеуде,

Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,

Өмірге мен мылқау болып енгенде (2,192).

Берсін, берсін,

Не көрмеген бұл басым?!

Тек жүрегім,

Жылымасын, жырласын.

Жағдай міне,

Рақмет , құрдасым!

Жалғыз қалам,

Жалғыз дәптер сырласым (3,122).