Жекеменшік

lat: Jekemenshik

зат есім. Меншігінде мал-мүлкі Бар шаруашылық. Жуырда Қазақстан Республикасының Парламенті жерді жекеменшікке беру керек пе, жоқ па, берсек қалай береміз деген сұрақтарға өз шешімі арқылы жауап беретін болады («Егемен Қазақстан»). Жекеменшік пен адамды адам қанауына негізделген қоғам мүдделері қарама-қарсы топтарға бөлінеді (Қысқ. саяси сөздік). Атабабаңнан келе жатқан жекеменшіктің әуресінен құтыласың (Ғ.Мұстафин, Жиырма бес). // Біреудің қарауындағы, қарамағындағы. Кеше көшеге шыға келсем, бір жекеменшік машина кетіп барады (З.Шашкин, Өмір.). Нұрым жекеменшік машина сатып аламын деп жанталасып ақша жинап жүр (О.Сәрсенбаев, Сағым). Бірақ осындай аз уақыттың ішінде жекеменшік компаниялар халықтың сеніміне кіріп үлгерді («Жас Алаш»). Мемлекеттік және жекеменшік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ, жеке медициналық практикамен айналысушы адамдарда ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі (ҚР Конституциясы).