САЛМАҚТЫ

lat: SALMAQTY

сын. 1 . Салмағы көп, ауыр.


Әлпеті оның ап-анық, әп-әдемі, салмақты,

Жайдары өңі тап-таза, титтей мүдір қалмапты,

Бірақ қалған денесіне жылан кейпін жалғапты (5,79).


Ақынның таразы ойы әрбір сөздің, әрбір оқиғаның ең керекті, ең салмақтысын талғап алған (4,49).


2 . ауыс. Байыпты, байсалды, парасатты.


ол менмін, шолып сендерді,

Жасырып жүзді сендерден,

Қалдырып көркем бейнені,

Жаса деп жанды, ірісін.

Сендерден ғана салмақты ой,

Сарыла күту жұмысым (3,292).


Көсем үнсіз басын иіп, былай деді салмақты :

Демек бізді манағы сұм сайтандар алдапты,

Амал нешік, өтірікші албастылар сандалтты (5,111).