САЛТ

lat: SALT

зат. Халықта қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын дәстүр, ырым, кәде.


Мұрагері емес пе ем арт жағында,

Әкеме тарттым ба, ата, тартпадым ба?

«Ата көрген оқ жонар» деуші еді ғой,

Байырғы атамыздың салттарында (1,300).


Саралжын жері дүр екен,

Сары алтындардың бірі екен.

Салттары мүлде ірі екен,

Азаматтары да ірі екен.

Махамбет пенен Мұхиттар

Тірі екен, әлі тірі екен! (2,30).