САЛТАНАТТЫ

lat: SALTANATTY

сын. 1 . Салтанаты жарасқан, сәнді, әдемі, думанды.


Әлем дарқан, саялаңдар, бәріңе де орын бар.

Қорған емес, салтанатты, сәнді сарай соғыңдар.

Ей, Адамдар, сендер тату, сендер тату болыңдар! (1,294).


Өтіпті көктем, өтіпті жаз да,

Несі айып?!

Күз кепті міне,

Қырға жүр, қырман басайық.

Сары таңдардың самалын жұтып, сылқитып,

Салтанатты бір сабантойларын жасайық (2,31).


2 . ауыс. Мерекелік, ресми.


Салтанатты жиында бүгін олар,

Президиум басында отырады (3,142).


Салтанатты жиынның салтанаты тарқады,

Әдемі әлем қап қойды, ауа алапат, тар тағы.

Басқа жолмен қозғалдық, басқа сапар тартады.

Сәулесі жоқ, қара түнек енді мені қоршады (5,25).