САРҚЫТ

lat: SARQYT

зат. 1. Ежелгі салт бойынша «жақсы қасиеттер жұғысты болсын» деген ырыммен сыйлы қонақтан, тойдан артылған асты балаларға, келіндерге беру (дәм татқызу) ырымы.


Сандалдым есім жиылмай,

Сарылдым соңында еңбектің.

Сонда да маған бұйырмай,

Сарқытын ішіп ержеттім (2,320).


2 . ауыс. Біреудің ізбасары, ісін жалғастырушы.


Сырым да осы, жырым да осы, алдыңда.

Байқашы бір, бықсыдым ба, жандым ба?

Махаңдар жоқ, Махаңдардың сарқыты

Мұқағали Мақатаев бар мұнда! (2,84).