СЕГІЗ

lat: SEGİZ

сан. 1 . Жетіден кейінгі есептік сан . Картинадан көзге қораш еш кемшілік таппадық, Сегізіміз сегіз түрлі пікір айтып мақтадық (1,306). Он да жетер, қимаса жиырмасын, Асықтырсын өмірім, қиындасын. Сексен жасап, сегіз сөз қалдырмаған, Әлдекімнің тағдыры бұйырмасын (2,158). 2 . Тәуліктің таңғы жеті мен тоғыздың аралығындағы уақыт . Зияш күндегіден кеш оянды. Сағат сегізге сабағы басталатұғын (4,115). Кісілер сағат тоғызда келеді, қазір сегіз жаңа болды, әже (4,203).