Жексенбі

lat: Jeksenbi

[ир. ] зат есім. Аптаның жетінші күнінің аты. Арыстан маған жексенбі сайын автобуспен келіп қайтатын (М.Мағауин, Ақша қар). 1941 жылғы жексенбі күні таңсәрісі бәріміздің есімізде (Б.Момышұлы, Біздің генерал). Жексенбіде Желпініп елмен бірге Жырлағанға, Жарқылдап күлгендерге. Қызығамын... Шынымен қызығамын Шаршап-шаршап демала білгендерге (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан). Күйін шертіп өзінің сансалалық, Бұлақ жатты көктемді аңсап ағып. Күн жексенбі. Сондықтан үшеуміз де Тауға барып қайтуды жөн санадық (М.Шаханов, Ғасырлар.).