Жексенбілік

lat: Jeksenbilik

зат есім. Жексенбі (демалыс) күні ұжым болып барып, ұйымшылдықпен істелетін жұмыс. Ауылдағы мектеп оқушылары қырман басына жексенбілікке бармақшы екен (Н.Ғабдуллин, Қызық дәурен). Тамаша қызып солай жексенбілік, Ару жүр қабақ керген ерке күліп (Ғ.Игенсартов, Тың дала). Марқакөлді мекендеген кәрі, жастан жан қалмастан жексенбілікке шықты (Р.Әутәліпов, Алтын.).