СЕНІМСІЗ

lat: SENİMSİZ

сын. Сенуге болмайтын, тұрлаусыз . Сенімім тек сертіңнен жаңылмасын, Сенімсіз тұңғиыққа табынбасын. Тынымсыз қозғалыстың барлығын да, Тынысым сенімменен қабылдасын (2,222). Бірге олармен бір әумесер періштелер қаптаған, Жаратушы тәңірге сенімсіз боп, жақпаған, Қарсы тұра алмайды олар, екі ортаны сақтаған (5,16).