СОРПА

lat: SORPA

зат. Суға піскен еттің сөлі шыққан сұйық тағам . Жауып жатыр тонын да, орқасын да, Беріп жатыр етін де, сорпасын да. Нағашымның қыстауын таппағанмен, Әке-шешем отырмын ортасында (1,245). Ыққан аң түнгі дауыл түнегінен Паналайды тоғайды, білемін мен. Бұйрық болса, сергиік жас сорпа ішіп, Сыбағамыз бар шығар бұл өмірден (1,195).